Б.У. Джарбусынов
Бинеш Оразұлы Жарбусынов, 1932 ж. 13 мамыр күні дүниеге келген. 1949 жылы Гурьев қ. Жамбыл атындағы қазақ орта мектебін бітірген. 1955 жылы Алма-Ата мемлекеттік медицина институтын бітірген. 1955-1956 жж. Гурьев қ. мұнайшылар емханасында уролог-дәрігер болып жұмыс істеген. 1956-1958 жж. Алма-Ата медицина институтының урология кафедрасын- дағы клиникалық ординатурада білім алған. 1958 ж. Ақтөбе қалалық емха- насында уролог-дәрігер қызметін атқарған. 1959 ж. Ақтөбе медицина ин- ститутының жалпы және факультеттік хирургия кафедрасының ассистенті. 1962 ж. АММИ аспирантурасына оқуға түскен. 26.10.1965 ж. «Қуық арқылы жасалатын аденомэктомия мәселесіне қатысты» тақырыбындағы канди- даттық диссертациясын қорғаған. 1966 ж. бастап АММИ урология кафед- расының ассистенті, ал 1978 ж. бастап кафедра меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1984 ж. «Ерлер бедеулігі» тақырыбындағы докторлық диссертация- сын қорғаған. Төрағасы У.К. Караманов қол қойған Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 14 желтоқсандағы №484 ҚАУЛЫСЫМЕН Республика- лық урология және оперативті нефрология орталығының негізінде ҚазКСР ДСМ Урология ҒЗИ құрылған. ҚазКСР ДСМ Урология ҒЗИ-ның бастамашы сы, ұйымдастырушысы және бірінші директоры – ғылымға еңбегі сіңген қай- раткер, Профилактикалық медицина академиясының академигі, профессор Б. О. Жарбусынов. ҚазКСР ДСМ-нің Урология ғылыми-зерттеу институтын (1991-1996 жж.) Б. О. Жарбусынов басқарған. 1993 жылы Урология ҒЗИ-да
14.00.40 – урология мамандығы бойынша Диссертациялық кеңес ашылған. Қазақстан урологтарының бірінші съезі (1991), Қазақстан урологтарының II конгресі (1995). 1991-1996 жж. ғылыми бөлімшелердің 8 фрагментінен
«Несеп-жыныс жүйесінің ауруларын диагностикалау және емдеу әдістерін оңтайландыру» тақырыбында ҒЗЖ орындалған.
ҒЗЖ нәтижелері бойынша 184 жұмыс жарияланған: 4 монография; 5 әдістемелік ұсыныс; 7 патент; 168 мақала мен тезис. Қорғалғаны: 8 кандидат- тық және 3 докторлық диссертация. Б. О. Жарбусынов мынадай ұйымдар- дың мүшесі болған: Еуропалық урологтар қауымдастығы; Бүкілодақтық уро- логтар ғылыми қоғамының басқармасы; Қазақ урологтар қауымдастығының төрағасы; ҚР ДСМ-нің бас урологы; «Здравоохранение Казахстана», «Ден- саулық» және «Урология и нефрология» журналдарының редакция алқасы- ның мүшесі. 250-ден астам ғылыми жұмыстың; 9 монографияның; 17 өнер- табыстың авторы. Оның жетекшілігімен 16 кандидаттық және 13 докторлық диссертация қорғалған. Қазақстандық урологтардың Еуропалық урологтар қауымдастығына кіруі (1992) ҚР Үкіметінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 1367 қаулысымен ҚР ДСМ Урология ҒЗИ негізін қалаушысы Б.О. Жарбусынов атындағы Урология ғылыми орталығына қайта құрылды. Б. О. Жарбусыновтың естелігі ретінде Орталықта оның мүсіні орнатылып, оның атындағы мұражай жұмыс істейді.